Жаңалықтар
Өскемендегі жүк көлігі қағып кеткен тұрғын аман ба?

Таңғы қарбалас кезінде Бажов көшесінде жаяу жүргіншілер жолағында Mercedes-Benz жүк көлігі үш әйелді қағып кетті.
Оқиға бүгін таңертең болды. Жүк көлігі алдымен жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 1972 жылғы әйелді қаққан. Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның қабырғасына зақым келгенін, білегі сынғанын және бас миының жабық жарақатын анықтады.
–Оқиға кезінде тағы екі әйел жарақат алған. Бірақ, олар медициналық көмектен бас тартты,– деді облыстың денсаулық сақтау басқармасы.
Жол апатының видеокамераға түсіп, әлеуметтік желіге тарап кетті. Полиция қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.



