Басты жаңалықЖаңалықтар
ШҚО-да аяз күшейеді

Шығыс Қазақстан облысында алдағы күндері күн қайта суытады.
Синоптиктердің айтуынша, 11 наурыз күні түнде ауа температурасы 15–20 градусқа дейін төмендейді. Ал облыстың оңтүстік бөлігінде аяз 10 градусқа дейін жетуі мүмкін.
Сонымен қатар Өскеменде де күн күрт суытады. Мамандардың болжамынша, түнде ауа температурасы 15–17 градусқа дейін төмендейді. Осыған байланысты өңірде дауылды ескерту жарияланды.
Тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақ болу ұсынылады.



