Жаңалықтар
Такси шақырғанда неге мән беру қажет?

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері оң рульді таксилерге отырмауға кеңес берді. Неге десеңіздер, мұндай көліктерде апат жиілеп кеткен.
– Оң рульді көліктерді такси ретінде қолдануға тыйым салынғанына қарамастан, заңсыз тасымалдаушылар жұмысын жалғастырып жүр. Мұндай көлік жүргізушілері жолды басқаша көреді, кедергілерді кеш байқайды, сол себепті апаттар жиі тіркеледі, -деп түсіндірді облыстың полиция департаменті.
Қауіпсіз көлік таңдаңыз. Бұл — тек өз өміріңізді емес, жолда жүргендердің бәрін қорғау.



