Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: ШҚО полициясы дроппер болудың қауіпті екенін ескертеді

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті тұрғындарды қаржылық алаяқтыққа қарсы қырағы болуға шақырады.

Дропперлер – банк карталары мен шоттарын алаяқтар қылмыстық жолмен тапқан ақша қаражатын аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланатын адамдар.

Мұндай схема қарапайым болып көрінуі мүмкін: картаңызды пайдаланғаны үшін оңай табыс табуға уәде береді. Алайда ақша аударылғаннан кейін алаяқтар ізін жасырады, ал күмәнді қаржылық операциялар үшін жауапкершілік шот иесінің мойнына жүктелуі мүмкін.

Ешқашан ақшалай сыйақы үшін банктік картаңызды, оның деректемелерін немесе банк қосымшаларына қолжетімділікті бөгде адамдарға бермеңіз.

Есіңізде болсын: сіздің банктік картаңыз – сіздің жеке жауапкершілігіңіз. Жеке және банктік деректеріңізді қорғаңыз. Қырағылық – қаржыңызды қорғаудың және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтаудың басты кепілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button