Жаңалықтар

Өскемен – Риддер тасжолы жаңарып жатыр

Өскемен – Риддер бағытындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолында жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Қазіргі таңда жолға асфальтбетон жабынының алғашқы қабаты толық төселді.

«Қазавтожол» облыстық филиалының мәліметінше, жөндеу барысында жолдың жиі бүлінетін және ісінетін учаскелері қалпына келтірілді. Әсіресе, Зимовье ауылы маңындағы жүргізушілерге көп жылдан бері қиындық туғызған ақаулар толықтай жойылған.

Қазір жолға асфальттың екінші, яғни үстіңгі қабатын төсеу жалғасып жатыр. Сонымен қатар су өткізгіш құбырлар орнатылып, жол жиектері нығайтылады, жол белгілері мен таңбалары жаңартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Жоба толықтай күзде аяқталады деп жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button