Құрт, бал және жент: Шығыс Қазақстан ITB Berlin көрмесінде немен таңғалдырды

Германияда өткен ITB Berlin халықаралық туристік көрмесінде Шығыс Қазақстан облысының делегациясы өңірдің туристік әлеуетімен қатар жергілікті гастрономиялық өнімдерін де таныстырды. Ұсынылған ұлттық тағамдар мен өнімдер көрме қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырды.

Келушілердің назарын ең алдымен дәстүрлі қазақ өнімі — «Багратион» компаниясының құрты, сондай-ақ ірімшік, жент, «Медовая Марка» компаниясының бал шарабы, панталық және бал өнімдері аударды. Көрме қонақтары өнімдермен қызығушылықпен танысып, олардың табиғи ерекшелігі мен бірегей дәмін жоғары бағалады.
Ұсынылған өнімдер Шығыс Қазақстанның табиғи байлығы мен ұлттық аспаздық дәстүрлерін айқын көрсетті. Қонақтар жергілікті тағамдардың сапасы мен дәміне оң пікір білдіріп, өңір туралы әсерлерінің одан әрі тереңдей түскенін атап өтті.
Халықаралық көрмеге қатысу өңірлік брендтерді таныстыруға, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға және Шығыс Қазақстанды бірегей туристік бағыт ретінде халықаралық деңгейде ілгерілетуге маңызды мүмкіндік болды.



