ДенсаулықЖаңалықтар

Ана мен бала орталығында жаңа аппарат орнатылды-Өскемен

Ана мен бала орталығының консультативтік-диагностикалық бөліміне жаңа буындағы ультрадыбыстық зерттеу аппараты орнатылды. Бұл – қала мен облыс бойынша премиум санаттағы GE Voluson Expert 20 аппараты бар жалғыз медициналық мекеме.

Жаңа құрылғы 3D және 4D форматында жоғары сапалы бейне алуға мүмкіндік береді. Оның көмегімен дәрігерлер жүктілік кезінде ұрықтың дамуын жан-жақты бақылап, мүмкін болатын ауытқуларды ерте анықтай алады.

Ана мен бала орталығының консультативтік-диагностикалық бөлімі Шәкәрім даңғылы, 149/2 мекенжайында орналасқан.

Зерттеуге жазылу немесе қосымша ақпарат алу үшін 8-771-944-47-47, 8-771-944-47-48 немесе 8 (7232) 20-89-99 нөміріне хабарласуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button