ШҚО биатлоннан республикалық чемпионатта көш бастап тұр

Қазақстандағы қысқы спорт отаны саналатын Риддер қаласында жасөспірімдер арасында биатлоннан ел чемпионаты өтті. Жарысқа 100-ге жуық спортшы қатысты.
2007–2008 жылғы ұлдар арасында:
Глеб Харлампов (Павлодар облысы) – бірінші орын.
Артём Шнайдер (Абай облысы) – екінші орын.
Михаил Беленков (Абай облысы) – үшінші орын.
2009–2010 жылғы ұлдар арасында:
Евгений Полторанин (ШҚО) – бірінші орын.
Кирилл Ручьев (Алматы облысы) – екінші орын.
Егор Немцев (ШҚО) – үшінші орын.
2007–2008 жылғы қыздар арасында:
Милена Машковская (ШҚО) – бірінші орын.
Полина Подгорнова (Ақмола облысы) – екінші орын.
Елена Саенко (СҚО) – үшінші орын.
2009–2010 жылғы қыздар арасында:
Дарья Девяткова (Абай облысы) – бірінші орын.
Ангелина Афанасьева (ШҚО) – екінші орын.
Ульяна Кованова (СҚО) – үшінші орын.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.



