Басты жаңалықЖаңалықтарҚылмыс
Өскеменде Жақсылық Омарға қатысты сот басталады

Бүгін Өскеменнің қылмыстық сотында облыс әкімінің бірінші орынбасары, бұрынғы қала әкімі Жақсылық Омар ісі қаралады.
Сот материалдарына сәйкес, оған ірі көлемде алаяқтық жасау және пара алу баптары бойынша айып тағылған.Қазіргі уақытта ол қамауда отыр.
Іс ашық сот отырысында қысқартылған тәртіппен қаралады. Өйткені айыпталушы өз кінәсін мойындаған. Егер ол өз айтқанынан бас тартпаса, сот шешімі он күн ішінде шығарылуы мүмкін.
Еске салайық, оның ұсталғаны туралы ақпарат 13 ақпанда әлеуметтік желілерде тараған. Кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын растады.



