Жаңалықтар

Өскеменде жәрмеңке өтеді

Өскемен қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

21 наурыз күні сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы аумағында жергілікті өндірушілер өз тауарларын ұсынады.

Жәрмеңкеге келген тұрғындар мен қала қонақтары ет және сүт өнімдерін, көкөніс пен жеміс-жидекті, сондай-ақ басқа да азық-түліктерді қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Шара халықты сапалы әрі табиғи өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button