Басты жаңалықДенсаулықЖаңалықтар

Онкология орталығында ашық есік күні өтеді-ШҚО

28 наурыз күні облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы ашық есік күнін ұйымдастырады. Бұл күні тұрғындар тегін тексеруден өтіп, дәрігерлерден кеңес ала алады.

Қабылдау сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі. Науқастар дәрігердің жолдамасынсыз қабылданады.

Іс-шара жатыр мойны обыры, ішек қатерлі ісігі және бүйрек обырының алдын алуға арналған. Келушілер аурудың алғашқы белгілері, тексеру және емдеу жолдары туралы ақпарат ала алады. Қажет болған жағдайда ультрадыбыстық зерттеу жасалады.

Өзіңізбен бірге жеке куәлік және бұрынғы тексерулердің нәтижелерін (УДЗ, КТ, МРТ) алып келу ұсынылады.

Мекенжайы: Потанин көшесі, 6, 1 корпус (емхана).
Қосымша ақпаратты 8 (7232) 20-89-97, 8-771-944-48-08 байланыс нөмірлері арқылы білуге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button