Жаңалықтар
Жамбыл саябағында тазалық жұмыстары өтті—Өскемен

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Жамбыл Жабаев атындағы саябақта тазалық жұмыстары жүргізілді.
Шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер мен жастар қатысты. Барлығы 300-ге жуық адам саябақ аумағын қардан тазалап, мұзды ойып, қоқыс жинады.
Сонымен қатар, «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері Жамбыл Жабаев ескерткішін ретке келтіру жұмыстарын атқарды.
Айта кетейік, мұндай тазалық акциялары облыстың басқа қала-аудандарында да жалғасып жатыр.



