Жаңалықтар

Өскеменде тазалық жұмыстары күшейтілді

«Таза Өскемен» коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Құбылмалы ауа райына қарамастан, көктемгі тазалық жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Қазіргі таңда қала бойынша 97 арнайы техника мен 180 қызметкер жұмылдырылған. Олар орталық көшелерден бастап, шалғайдағы саябақтар мен скверлерге дейін тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Негізгі назар еріген қардың салдарын жоюға бағытталған. Мамандар жиналған суды сорып, тұрғындардың өтінімдерін жедел орындауда.

Сонымен қатар, қаладағы маңызды нысандар да назардан тыс қалған жоқ. Славский жағалауы мен Ұлы Отан соғысы ескерткіші маңында тазалық жүргізіліп, жаңа маусымға дайындық басталды.

Қазір жарық бағаналарын жуу, қоршауларды тазалау, шұңқырларды жамау және саябақтарды ретке келтіру жұмыстары қатар жүріп жатыр.

Коммуналдық қызмет өкілдері тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырады. Тазалық және су тасқынына қарсы жұмыстар тәулік бойы жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button