ЖаңалықтарСпорт

ШҚО-да спорт нысандары көбейіп келеді

Өңірде спорттық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының брифингінде айтылды.

Мамандардың мәліметінше, қазір облыста 1628 спорт нысаны бар.

Қазіргі уақытта 7 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде Катонқарағай, Үлкен Нарын, Бозанбай, Марқакөл, Ақжар және Күршім ауылдарында 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Сондай-ақ Өскеменде ипподром құрылысы қолға алынды.

Бұдан бөлек, ірі жобалар да жүзеге асырылып келеді. Өскеменде волейбол орталығы салынып жатыр. Ал Риддер қаласында тағы бір спорт кешенінің құрылысы жалғасуда.

Айта кетейік, жыл басында Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылында жаңа спорт модулі пайдалануға берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button