ЖаңалықтарМәдениет

Өскеменде «Алтайым – Алтын бесігім» айтысы өтіп жатыр

Бүгін облыстық филармонияда «Алтайым – Алтын бесігім» атты республикалық командалық айтыс өтіп жатыр.

Шараға Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарынан келген ақындар мен дәстүрлі өнерпаздар қатысып, өзара өнер сайысына түсуде. Айтыстың ерекшелігі – бұл жолы қатысушылар командалық форматта, әр топта 10 адамнан өнер көрсетіп жатыр.

Кеш барысында көрермендер айтысты тамашалап қана қоймай, терме мен жыр, халық әндері және күй өнерін де тыңдай алады.

Ұлттық өнерді ұлықтаған бұл шараға қала тұрғындары белсенді қатысып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button