Басты жаңалықЖаңалықтарҚылмыс

Жақсылық Омарға қатысты сот кейінге шегерілді

Өскеменде облыс әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот отырысы кейінге шегерілді. Кеше жарыссөз өтуі тиіс болған, алайда мемлекеттік айыптаушының келмеуіне байланысты іс қаралмады.

Сот төрешісінің айтуынша, айыптаушы тарап сотты кейінге қалдыру туралы өтініш берген. Сондықтан келесі отырыс 31 наурыз күні сағат 15:00-ге белгіленді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жақсылық Омар өзіне тағылған алаяқтық және пара алу айыптарын мойындаған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button