Жаңалықтар
Құтқарушылар арықтарға қоқыс тастамауға шақырды

Өскеменде су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар күн сайын өзендер мен бұлақтардағы су деңгейін бақылап, жағалаулар мен су бұру жүйелерін тексеруде.
Қазіргі уақытта Үлбі өзенінде жағалауды нығайту, арықтар мен су арналары тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар су өткізу үшін арнайы құбырлар төселуде.
Биыл қалада 1500 метрден астам су бұру жүйесі жасалып, 500 метрден астам құбыр орнатылған.
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтап, арықтар мен каналдарға қоқыс тастамауды сұрайды.



