ДенсаулықЖаңалықтар

ШҚО құтқарушылары мұздағы қауіп туралы ескертті

Көктем келген сайын мұз еріп, өзен-көлдерде жүру қауіпті бола бастайды. Әсіресе жағалауға жақын жерлерде, ағысы бар аймақтарда және көпір астында мұз жұқа болып, тез сынады. 

Құтқарушылардың айтуынша, жыл сайын мұзға абайсыз шыққан адамдар түрлі қайғылы жағдайға тап болады. Кейбіреулер тіпті көлікпен немесе техникамен мұз үстіне шығып, өз өмірін қатерге тігеді.

Сол себепті:

* Мұз үстіне себепсіз шықпаңыз
* Жұқа мұздан аулақ болыңыз
* Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз

Естеріңізге саламыз, ережені бұзғандар жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button