Басты жаңалықЖаңалықтарҚылмыс

ШҚО-да автомектептерге бақылау күшейеді

Өскеменде автомектептердің жұмысына жаңа талаптар қойылады. Полиция департаментінің айтуынша, жол-көлік оқиғаларының бір себебі – жүргізушілерді даярлау сапасының төмендігі.

Былтырғы жылдан бастап жүргізушілерді өз бетінше оқыту тоқтатылып, барлық автомектептер есепке алынған. Сонымен қатар оқу аяқтағаны туралы электрондық куәліктер енгізіліп, жалған құжаттардың алдын алу мүмкіндігі пайда болды.

Дегенмен, мамандар жүргізушілерді даярлау сапасы әлі де толық жақсармағанын айтады. Сол себепті қазір автомектептерді бағалау үшін арнайы рейтинг енгізілген. Ол емтихан нәтижесіне қарай жасалады.

Ал болашақта бұрынғы курсанттардың қатысуымен болған жол апаттарының саны бойынша рейтинг жасау жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button