Басты жаңалықЖаңалықтар

Өскеменде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

Ертең сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін Өскеменнің төрт жерінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына еттің барлық түрі (сиыр, жылқы, қой, шошқа), шұжық, сүт өнімдері, нан-тоқаш, бал және басқа да тауарлар тиімді бағамен ұсынылады.

Жәрмеңкелер мына орындарда өтеді:

* «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы
* «Дос Нар» сауда үйі
* «Керуен» сауда үйі
* Защита ауданындағы «Теміржолшылар» саябағы

Ұйымдастырушылар тұрғындарды сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button