ЖаңалықтарСпорт
Өскеменде ерекше балаларға арналған жарыс өтті

Өскеменде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған спартакиада ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – аутизм және басқа да ерекшелігі бар балаларды қолдау.
Салтанатты ашылу кезінде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова қатысып, балаларға сәттілік тіледі.
Жарысқа қаладағы түрлі түзету және оңалту орталықтарынан 9 команда қатысты. Олар эстафета, 60 метрге жүгіру және арқан тарту сияқты сайыстарда бақ сынады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралардың басты мақсаты – ерекше балаларға қоғам назарын аудару және оларды қолдау.



