Басты жаңалықДенсаулықЖаңалықтар
Өскеменде кенеге қарсы өңдеу қай жерлерде жүргізіледі?

Қар толық ерігеннен кейін Өскеменде кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары басталады. Себебі кенелер сәуір айында белсенді бола бастайды. Табиғатқа шыққанда, саяжайда немесе бақшада демалғанда абай болған жөн.
Қалада өңдеу жұмыстары келесі аумақтарды қамтиды:
– Аблакетка маңы (саяжайлар, ГЭС, Станиславский көшесіндегі зираттар)
– Зираттарға жақын аумақтар
– Лесхоз, Үлбі, Масьяновка, А. Куленов кенті
– Новоявленка, Согра ауылдары
– Самсоновка ауылы мен оған жақын саяжайлар
– Самара тас жолы маңы
– Понтон көпірінің сол жағы
– Ахмирово және Меновное аудандары («Водоканал», 23-шағын аудан)
Еске сала кетейік, кенеге қарсы өңдеу жылына екі рет жүргізіледі:
көктемде — қар еріген соң,
күзде — қыркүйек-қазан айларында.



