ДенсаулықЖаңалықтар

Полицейлер жолда инсульт алған ер адамды құтқарды

Өткен демалыс күндері Өскемен–Риддер тас жолында полиция қызметкерлері адам өмірін сақтап қалуға көмектесті.

Жолдың 90-шақырымында патрульдік қызмет атқарып жүрген полицейлер жол жиегінде тоқтап тұрған көлікті байқайды.Кейін жүргізуші олардан көмек сұраған.

Белгілі болғандай, көлік ішінде инсульт белгілері бар ер адам болған. 1988 жылы туған азаматтың жағдайы ауыр болғандықтан, полицейлер оны дереу облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа жеткізді.

Дәрігерлерге уақытында жеткізілген ер адамға қажетті көмек көрсетілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button