Жаңалықтар
ШҚО-да 48 мектепте директор жетіспейді

Облыста мектеп директорларының тапшылығы байқалады. Қазір өңірдегі 48 мектепте директор жоқ.
Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов мәлімдеді. Оның айтуынша, көптеген мұғалімдер басшылық қызметке қарағанда, сабақ беруді жөн көреді.
Сонымен қатар облыста мұғалімдер де жетіспейді. Әсіресе кадр тапшылығы Алтай, Марқакөл және Ұлан аудандарында қатты сезіледі.
Қазір білім басқармасы бұл мәселені шешу үшін түрлі жұмыстар жүргізіп жатыр.



