Басты жаңалықЖаңалықтар

102 жастағы соғыс ардагері өмірден өтті—ШҚО

Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Құрмат Рахимов 102 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Құрмат Рахимов 1924 жылы дүниеге келген. 1942 жылы майданға аттанып, Беларусь, Литва және Шығыс Пруссия бағыттарында соғысқан. Сондай-ақ Кенигсбергті алу операциясына қатысып, ерлігі үшін бірнеше жауынгерлік марапаттарға ие болған.

Соғыстан кейін әскери училищені аяқтап, ел шекарасында қызмет атқарды. Кейін ішкі істер органдарында жұмыс істеп, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосты. Өскемен қаласында облыстық ішкі істер департаментінің бастығының орынбасары қызметін де атқарған.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Құрмат Рахимов саналы ғұмырын елге қызмет етуге арнаған тұлға ретінде есте қалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button