Басты жаңалықЖаңалықтар
Өскеменде жәрмеңке өтеді

11 сәуір сағат 08:00-14:00 аралығында облыс орталығының бірнеше шағынауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Қала тұрғындары мен қонақтарына ет пен сүт өнімдері, шұжық, нан, бал және басқа тауар түрлері қолжетімді бағада ұсыналады.
Жәрмеңкелер «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы, «Дос Нар» сауда үйі, «Керуен» сауда үйі және Защита ауданындағы «Теміржолшылар» саябағы және «Валентина» сауда үйінің аумағында өтеді.



