Басты жаңалықЖаңалықтар
Өскеменде ескі трамвайлар сатылымға қойылды

Өскемендегі көлік компаниясы ескі трамвайларды сатылымға шығарды.
Мәліметке сәйкес, трамвайлар 16 сәуірде сатылады. Біреуінің бастапқы бағасы 552 мың теңге болса, екіншісі 483 мың теңгеден басталады.
Компания өкілдерінің айтуынша, бұл трамвайлар енді пайдаланылмайды. Олар әкімдік қаулысына сәйкес есептен шығарылған.



