Жаңалықтар
ШҚО тұрғыны шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді

«Қазавиақұтқару» ұшқыштары шұғыл медициналық көмек қажет болған науқасты Зайсан қаласынан Өскеменге жеткізді.
Тікұшақты Руслан Агламбеков, Леонид Калеканов және Владислав Волков басқарды. Ұшуға санитарлық авиация дәрігерлері Айгүл Кудербаева мен Татьяна Сергеева да бірге қатысты.
2005 жылы туған науқас облыс орталығындағы ауруханаға аман-есен жеткізілді. Әуе арқылы тасымалдау еш қиындықсыз өтті.



