Жаңалықтар

ШҚО-да 250-ден астам адам азаматтығынан айырылды

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 250-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан айырылған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар көбіне басқа елдің азаматтығын алып, бірақ бұл туралы уақытында хабарламаған адамдарға қатысты болып отыр.

Жүргізілген іс-шаралар барысында 17 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 7 миллион теңгеден асқан.

Мысалы, облыс орталығында 43 жастағы ер адам көрші елдің азаматтығын алғанымен, оны тиісті органдарға хабарламаған. Соның салдарынан оның Қазақстан азаматтығы тоқтатылып, құжаттары алынған.

Көші-қон қызметі ескертеді: Қазақстанда қос азаматтыққа заң бойынша рұқсат етілмейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button