ЖаңалықтарҚылмыс

Өскеменде жол апатынан екі адам қаза тапты

Өскеменде қайғылы жол апаты болды. 35 жастағы ер адам Honda Inspire көлігін айдап келе жатып, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан ол Mercedes көлігімен соқтығысқан.

Апат нәтижесінде екі көліктің де жүргізушілері оқиға орнында көз жұмды. Ал Mercedes көлігінде болған жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазір бұл оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button