Жаңалықтар
ШҚО-да кенеге қарсы өңдеу жұмыстары басталды

Өңірде 7 сәуір мен 12 мамыр аралығында кенелер мен кеміргіштерге қарсы арнайы өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
Мамандардың айтуынша, бұл шаралар кене энцефалиті мен туляремия сияқты қауіпті аурулардың алдын алу үшін қолға алынған. Өңдеу кезінде арнайы препараттар шашылып, улы жемдер қойылады.
Өңделген аумақтарда ескерту белгілері орнатылады. Осыған байланысты ол жерлерде мал жаюға және ара ұяларын қоюға болмайды.
Қазіргі уақытта мұндай жұмыстар Өскеменде жүргізіліп жатыр.



