БілімЖаңалықтар
Мектеп бітіру кешіне жаңа талаптар енгізілді

Елімізде мектеп бітіру кештерін өткізу тәртібіне жаңа шектеулер енгізілмек. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Жаңа талаптарға сәйкес, аттестат табыстау рәсімі тек мектеп қабырғасында өтеді. Бітіру кештерін мейрамхана, кафе немесе басқа да орындарда ұйымдастыруға рұқсат етілмейді.
Сондай-ақ оқушылардан, ата-аналардан немесе заңды өкілдерден ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
Бұл шаралар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында енгізіліп отыр.
Жергілікті билікке шығынсыз мәдени және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру тапсырылды. Ал полиция қоғамдық тәртіпті бақылап, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.



