Жаңалықтар
ШҚО-да күн суытып, қар жауады

Алдағы күндері облыста ауа райы күрт өзгереді. Синоптиктердің болжауынша, 14-16 сәуір аралығында өңірде қар мен жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Күндіз ауа температурасы +3…+5 градус шамасында болса, түнде -1…-3 градусқа дейін төмендейді.
Өскемен қаласында да 15-16 сәуір күндері жауын-шашын мен қатты жел күтіледі. Күндіз +2…+4 градус, ал түнде -0…-2 градус болады.
Мамандар бұл күндері тұман түсіп, жолда көру қиындауы мүмкін екенін ескертеді.



