Жаңалықтар

ШҚО-да қар еріп жатыр

Өңірде қар біртіндеп еріп, жағдай тұрақты бақылауда тұр.

Синоптиктердің мәліметінше, өңірде қар азайып келеді. Глубокое, Марқакөл және Алтай аудандарында қардың қалыңдығы 20–43 сантиметрге дейін төмендеген. Ал Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Ұлан және Самар аудандарының көп бөлігінде қар толық еріп кеткен.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, өзендердегі су деңгейі қауіпті межеден төмен. Барлық гидротехникалық нысандар тұрақты бақылауда.

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда су тасқыны қаупі жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button