Басты жаңалықЖаңалықтар

ШҚО-да Altay business форумы өтіп жатыр

Бүгін Өскеменде 800-ден астам кәсіпкерлер, сарапшылар мен мемлекеттік органдар өкілдері бас қосты. Өйткені, Altay business форумы өтіп жатыр.

Altay business форумы кәсібін енді бастаған жас кәсіпкерлердің шыңдалуына таптырмас алаң.

Өңір басшысы қала мен алыс-жақын аудандардан келген шағын және орта бизнес субъектілерімен, туристік аймақ өкілдерімен танысып, ұсыныстарын тыңдады.

Шығыс Қазақстан экономикалық әлеуеті жоғары өңір. Қазір мұнда елдегі өнеркәсіп өндірісінің шамамен 6%-ы шоғырланған. Инвестиция көлемі 838 млрд теңгеден асады, ал шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 24,4%-ға жетті. Облыста 58 мыңнан астам ШОБ субъектісі жұмыс істейді, онда 157 мыңнан астам адам еңбек етеді. Бұл экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтың негізі, — деп атап өтті аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

Сондай-ақ форумға жиналған кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты аясында мемлекеттік қолдау мен қызметтерді артық рәсімсіз, уақыт жоғалтпай алу жолдары түсіндірілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button