ЖаңалықтарҚылмыс
Өскеменде ұлтты қорлаған ер адам ұсталды

Өскеменде әлеуметтік желіде ұлтаралық араздық туғызған ер адам қамауға алынды.
Бұл туралы жергілікті тұрғындардың бірі шағым түсірген. Оның айтуынша, TikTok-та тікелей эфирде бір ер адам ұлтқа қатысты балағат сөздер айтып, адамдарды қорлаған.
– Анықтау кезінде 35 жастағы ер адамның бірнеше аккаунтпен тікелей эфирге шыққаны белгілі болды, кейін олардың бірін өшіріп тастаған. Эфирлер «батл» форматында өткен. Алдын ала мәлімет бойынша, ол мас күйде түрлі ұлт өкілдеріне ауыр сөздер айтып, қорлайтын пікірлер білдірген. Бейнематериалдарға сараптама жасалып, онда ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар екені расталды, – делінген полиция департаментінің ақпаратында.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.



