Жаңалықтар

Бір пост – бір сот: Instagram жазбасы дауға айналды

Алтай ауданында екі әйел Instagram желісіндегі жазбаға байланысты сотқа жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, жарияланған постта оның отбасына қатысты қорлайтын сөздер жазылған.

Іс қарау кезінде тараптар татуласып, қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш берген. Сотқа медиативтік келісім ұсынылып, оған сәйкес айыпталушы жәбірленушіге 100 мың теңге өтемақы төлеп, әлеуметтік желіде кешірім сұрауға міндеттелді.

Айта кетейік, соттың бұл шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button