Басты жаңалықЖаңалықтар

Өскемен—Өлгей жаңа әуе рейсі ашылады

Қазақстан мен Моңғолия Өскемен–Өлгей бағыты бойынша тікелей әуе рейсін іске қосуға келісті. Бұл туралы Ақордада өткен келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, қазіргі таңда Алматы–Ұланбатыр бағытында тұрақты рейстер бар, ал жақын уақытта Астана–Ұланбатыр әуе қатынасы да қайта жанданады. Енді осыған қоса Өскемен мен Өлгей арасында да жаңа бағыт ашылмақ.

Бұл шешім екі ел арасындағы байланысты нығайтып, аймақтар арасындағы қарым-қатынастың дамуына серпін береді. Сонымен қатар, жаңа рейс туристер мен кәсіпкерлер үшін де тиімді болмақ.

Мемлекет басшысы Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүхке және бұл бастаманы қолдаған барлық азаматтарға алғыс білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button