Жаңалықтар

Науқасқа бір мезетте екі күрделі ота жасалды—Өскемен

Өскеменде 74 жастағы ер адамға дәрігерлер бір уақытта жүрек пен қатерлі ісікке байланысты ота жасады.

Науқас ауруханаға жүрек ауруының белгілерімен түскен. Тексеру кезінде жүрек тамырлары қатты зақымданғаны анықталып, оған ота қажет болған. Алайда операцияға дайындық барысында дәрігерлер оның бүйрегінен қатерлі ісік барын байқаған.

Мамандардың айтуынша, алдымен бір ғана ота жасау қауіпті болған. Сондықтан дәрігерлер тәуекелге барып, екі операцияны қатар жүргізу туралы шешім қабылдаған.

Күрделі ота сәтті өтті. Қазір науқастың жағдайы жақсарып, ол оңалту орталығына ауыстырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button