ЖаңалықтарҚылмыс

Өскеменде өрттен ер адам қаза тапты

Өскеменде тұрғын үйден өрт шығып, бір адам көз жұмды. Оқиға Черняховский көшесіндегі жеке үйде болған.

Құтқарушылар шұғыл жетіп, өртті сөндіру барысында бөлмелердің бірінен 1970 жылы туған ер адамның денесін тапты. Жалын қысқа уақытта толықтай сөндірілді.

Өрттің жалпы аумағы 44 шаршы метрді құрады. Қазіргі таңда тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button