Жаңалықтар
Өскемен – Алтай жолы жөнделіп жатыр

Өскемен мен Алтай арасындағы тасжолда жөндеу жұмыстары басталды. Қазір жолдағы шұңқырлар тегістеліп, жабын қалпына келтіріліп жатыр.
«ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Сонымен қатар, Осинов асуын айналып өтетін жаңа жолдың құрылысы биыл аяқталады деп жоспарланып отыр.



