ШҚО-да балалар қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Облыста балалардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіп мәселелеріне арналған форум өтті. Оған мемлекеттік органдар, мектеп басшылары және құқық қорғау саласының мамандары қатысты.
Жиында мамандар жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңға құрметті арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу жолдарын талқылады.
Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев заң мен тәртіп қоғамның негізгі тірегі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл қағидалар әр азамат үшін маңызды болуы тиіс.
Сондай-ақ 2025–2026 оқу жылынан бастап барлық мектепте «Адал азамат» бағдарламасы енгізілгені айтылды. Бағдарлама оқушылардың құқықтық сауатын арттырып, қауіпсіздік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Мамандардың мәліметінше, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық әлі де өзекті мәселе. Сондықтан бұл бағытта мектептер, ата-аналар және құқық қорғау органдары бірлесіп жұмыс істеп жатыр.



