Жаңалықтар
Бет-жүзді жабуға қатысты ереже: нені білу керек?

Полиция қызметкерлері тұрғындарға бет-жүзді толық жабатын киімге қатысты жаңа ережелерді түсіндіріп жүр. Бұл талап былтыр шілде айынан бастап күшіне енген.
Заңның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті сақтау. Яғни, қоғамдық орындарда адамның беті толық жабық болмауы керек.
Дегенмен, кейбір жағдайларда бет-жүзді жабуға рұқсат етіледі. Мысалы, қызмет барысында (дәрігерлер, құрылысшылар), медициналық себеппен маска тағу кезінде, ауа райы қолайсыз болғанда немесе спорттық және мәдени шараларда.
Қазір тәртіп сақшылары сауда орталықтары мен базарларда, демалыс орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға ақпарат таратуда.



