Жаңалықтар
Өскеменде ер адам 9-қабаттан секірмек болды

Өскеменде бір ер адам көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болды. Оқиға туралы «102» нөміріне хабар түскеннен кейін полиция бірден оқиға орнына жетті.
Белгілі болғандай, 37 жастағы ер адам 9 қабатты үйдің төбесіне шығып кеткен. Полицейлер онымен сөйлесіп, сабырға шақырды.
Нәтижесінде ер адамды аман-есен төмен түсіріп, дәрігерлерге тапсырды. Қазір оған қажетті көмек көрсетілуде.
Осылайша полиция қызметкерлері қайғылы жағдайдың алдын алды.



