ЖаңалықтарҚылмыс
Жасырын зертхана: ауыл шетіндегі үйден 70 кг есірткі тәркіленді

Өңірде жеке үйден есірткі өндіретін жасырын зертхана табылды. Күдіктілер – 26 және 22 жастағы азаматтар ауыл шетінде үй сатып алып, сол жерде синтетикалық есірткі жасаған.
Тінту кезінде полицейлер қолдан жасалған зертханалық құралдарды, 70 келі дайын өнімді және шамамен 4 тонна химиялық заттарды тәркіледі.
Тергеу барысында күдіктілердің әрекеті интернет арқылы қашықтан басқарылғаны анықталды. Нәтижесінде 250 мыңға жуық бір реттік доза заңсыз айналымға түспей тоқтатылды.
Қазір бұл іс бойынша тергеу жүргізілуде. Кінәлілерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.



