ЖаңалықтарМәдениет
Өскеменде жастар думаны: «Достық толқынында-2026» фестивалі өтеді

1 мамыр күні сағат 18:00-де Республика алаңы ерекше атмосфераға бөленеді. Бұл күні мұнда «Достық толқынында-2026» студенттік фестивалі ұйымдастырылады.
Фестиваль жастарды бір арнаға тоғыстырып, достық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетеді. Студенттер сахнада өз өнерлерін паш етіп, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Ән, би, шығармашылық қойылымдар — барлығы бір сахнада тоғысып, көрерменге ұмытылмас әсер қалдырмақ.



