Басты жаңалықЖаңалықтар
Зауыттағы жарылыс: екі адам қаза тапты

Бүгін таңертең “Казцинк” зауытының қорғасын цехында, құрылғы жарылып, артынша өрт шықты.
Жалын шамамен 120 шаршы метр аумақты шарпыған, сонымен қатар цехтың 220 шаршы метр аумағында құрылымдар қирап қалған.
Оқиға салдарынан:
* 7 адам зардап шекті
* 2 адам қаза тапты
* 2 адам ауруханаға жатқызылды
* 3 адам үйіне жіберілді
Қазіргі уақытта зауыт маңында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Құтқару жұмыстарына шамамен 80 адам, 18 техника, дрондар, және медицина бригадалары тартылды.
Мамандар қазір үйінділерді тазалау және толық тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.



