Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт
«Алтай» мен «Астана» тең тарқасты

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы аясында өңірлік «Алтай» клубы өз алаңында елордалық «Астананы» қабылдады.
Ойын алғашқы минуттардан-ақ тартысты өтті. Екі команда да шабуылға жиі шығып, жанкүйерлерге қызықты матч сыйлады. Алайда бірінші таймда есеп ашылған жоқ.
Екінші таймның басында «Астана» сапынан Рамазан Кәрімов мергендік танытып, қонақтарды алға шығарды. Бұдан кейін «Алтай» ойыншылары есепті теңестіруге бар күшін салды.
67-минутта Дмитрий Шмид гол соғып, алаң иелеріне бір ұпай сыйлады. Қорытынды есеп — 1:1.
Енді «Алтай» Премьер-лигадағы келесі ойынын 14 маусым күні «Ақтөбеге» қарсы өткізеді.



