Басты жаңалықЖаңалықтар

Зайсанда әуежайға «шабуыл» жасалды

Зайсан ауданында аумақтық қорғаныс оқу-жаттығулары өтті. Жаттығу барысында әуежайға шартты шабуыл ұйымдастырылып, түрлі қызметтердің төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылы тексерілді.

Оқу-жаттығуға төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, полиция, медицина мамандары және «Арлан» арнайы бөлімшесінің жауынгерлері қатысты. Олар қауіпті залалсыздандыру, зардап шеккендерді эвакуациялау, алғашқы медициналық көмек көрсету және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша бірлескен жұмыстарды пысықтады. Сонымен қатар стратегиялық нысандарды қорғауға арналған тактикалық тапсырмалар орындалды.

Шара соңында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов оқу-жаттығудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай дайындықтар ел қауіпсіздігін күшейтіп, әскери міндетті азаматтардың тәжірибесін арттыруға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button