ДенсаулықЖаңалықтар
Зайсанда жаңа дәрігерлік амбулатория ашылады

Зайсан ауданы Қаратал ауылында бір ауысымда 50 адамға дейін қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын.
Қазіргі таңда нысандағы негізгі құрылыс жұмыстары толық аяқталған.
—Маусым айының соңына дейін ғимаратқа қажетті жиһаздар мен медициналық құрал-жабдықтар толық орнатылып бітеді деп жоспарланып отыр,-деді «СМУ Шығыс» компаниясының құрылыс жетекшісі Жанат Қанатұлы.
Сондай-ақ сыртқы жарықтандыру жұмыстары толық аяқталған. Ал ішкі жарықтандыру және соңғы әрлеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Жаңа амбулатория ауыл тұрғындарының медициналық көмекті алыстан іздемей, өз елді мекенінде алуына мүмкіндік береді.



